Accessibility links

Тимур Бекмамбетов Ресейдегі киностудиясын сатты


 Тимур Бекмамбетов
Тимур Бекмамбетов

Ресейлік режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов 1994 жылы негізін қалаған Bazelevs киностудиясын сатты. Оны Bazelevs бас продюсері Лала Рустамова және студияның коммерциялық директоры Тимур Асадов иеленген. Бұл жөнінде РБК сайты жазды.

Рустамованың сөзіне қарағанда, коммерциялық сипаттағы келісімшарт нарық жағдайын ескере отырып жасалған.

"Келісімшарт жасауымызға мүмкіндік берген ақшаны 2022 жылы тапқанбыз" деді Рустамова. Алайда ол келісімшарт құнын нақтыламады. Оның айтуынша, Вazelevs'ті сату туралы шешім бірнеше жыл бұрын "пісіп-жетілген".

Оның айтуынша, Бекмамбетов осылайша Ресейдегі бизнесінен толық кеткен. Қазір студия онымен "Қожанасыр" анимациялық фильмі бойынша жалдамалы режиссер әрі сценарий авторы ретінде жұмыс істеп жатыр.

Вazelevs студиясы "Ночной дозор", "Дневной дозор" фильмдерін, "Ёлки", "Горько!" сериалдарын шығарған.

2006 жылдан бері Вazelevs'тің Лос-Анжелесте өкілдігі бар. Ол өзінше жеке компания. Оны әлі күнге дейін Бекмамбетов басқарады. Осы компанияның қатысуымен Голливудта "Особо опасен", "Президент Линкольн: Охотник на вампиров", "Хардкор" фильмдері жарық көрген.

Тимум Бекмамбетов Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін соғысты ашық айыптаған.

XS
SM
MD
LG