Accessibility links

Түркіменстанда Арқадағ деген жаңа қала пайда болды


Арқадағ қаласы.

Түркіменстанның Ахал облысында құрылып жатқан жаңа әкімшілік орталық елдің бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің құрметіне Арқадағ (жебеуші, қамқоршы деген мағынаны білдіреді - ред.) деп аталды. Бұл жөнінде Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Гёкдепе ауданы аймағында құрылып жатқан жаңа қала Ахал облысының әкімшілік орталығы болады.

Ел билігі қаланы Арқадағ деп атау халықтың өтініші болды дейді.

Биыл 28 сәуірде ел президенті Сердар Бердімұхамедов жаңа қаланың атауын халықпен талқылау жөнінде тапсырма берген.

Мамыр айында Азаттықтың Түркімен қызметі дереккөзге сілтеме жасап, қаланы "Арқадағ" деп қоюды жоспарлап жатқанын жазған. Ақпаратқа қарағанда, бұл маусым айында Гурбангулы Бердімұхамедовтің туған күні қарсаңында жариялануы керек болған. Бірақ ақпарат сыртқа шығып кеткендіктен, кейінге қалдырылған.

Ахал облысының жаңа әкімшілік орталығын құру шешімі 2019 жылы жарияланған. 2020 жылы ақпанда жаңа қаланың құрылуы жобасына 1,5 миллиард доллар жұмсалатыны хабарланды. Қала құрылысы 2022 жылдың желтоқсанында аяқталады деп айтылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG