Accessibility links

Депутат бас прокурордан Путин сөзінің растығын тексеруді сұрады


Владимир Путин
Владимир Путин

Петербург қаласының муниципалды депутаты Никита Юферев бас прокурор мен ішкі істер министріне қайырылып, Украинадағы әскери қимылдарға қатысты "соғыс" сөзін қолданған Владимир Путиннің мәлімдемесін тексеруді сұрады.

Журналистермен кездесу кезінде Путин "біздің мақсатымыз – әскери қақтығысты ушықтыру емес, керісінше соғысты тезірек аяқтау, соған талпынамыз" деген.

Юферовтің пікірінше, "соғыс" сөзін пайдаланған Путин Ресей армиясы туралы "жалған ақпарат тарату" заңын бұзып отыр. Депутаттың айтуынша, "осындай сөз үшін елде бірнеше мың адам сотталған".

  • Никита Юферев қыркүйек басында Украинаға басып кіргені үшін Путинді мемлекетке сатқындық жасады деп айыптауға үндеген депутаттардың бірі. Кейін депутаттардың өздері "Ресей қарулы күштерінің беделіне нұқсан келтірді" деген айыпқа ілініп, әрқайсысына айыппұл салынды.
  • 24 ақпаннан бері Ресейде "жалған ақпарат" бабы бойынша 180 қылмыстық іс қозғалған. Бас прокуратура "фейктер" туралы қылмыстық істер бойынша статистиканы бөлек тамызда жүргізе бастаған. 180 іс бойынша 146 адамға айып тағылған, қалған 34 қылмыстық іс – қосымша эпизодтар. 21 іс Ресей аумағынан тыс жерден жарияланған жазбаларға қатысты қозғалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG