Accessibility links

Өзбекстан мен Қырғызстан үнділік "Док-1 МАКС" дәрісін сатуды тоқтатты


Өзбекстан мен Қырғызстан тыныс аурулары кезінде тағайындалатын үнділік "Док-1 Макс" дәрісін сатуды тоқтатты. Мұндай шешім дәріні ішкен балалардың жағдайы ауырлағаннан кейін қабылданған.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанда дәрімен байланысты адам өлімі де тіркелген. Самарқан облысындағы балаларға арналған көп салалы медициналық орталықтың бас дәрігерінің аймақтық басқармасы жетекшісіне жазған хатында 15 желтоқсанда "Док-1 Макс" қабылдаған 21 баланың "бүйрегі ауырғаны" жазылған.

"17 баланың жағдайы өте ауыр, соның салдарынан бірнеше гемодиализ сеансын жүргізуге тура келді. 15 бала көз жұмды" деп жазылған бас дәрігердің хатында. Ол аталған дәріні балаларға бермеу туралы бұйрық шығаруды өтінген.

Озодликтің жазуынша, Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы қазір науқастардың жағдайын, дәрінің реакциясын да тексеріп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Самарқан дәріханаларынан сатып алынған үнділік Marion Biotech Pvt компаниясының "Док-1 Макс" дәрісіне сараптама жүргізіп жатыр. 2022 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Өзбекстан аталған дәріні айналымнан алып тастады.

Өзбекстаннан кейін Қырғызстан да дәріні сатуды тоқтатты. Шешім 23 желтоқсанда күшіне енген. Дәрі үлгілері орталық бақылау талдау зертханасына жіберілді.

Нұсқаулықта өндіруші дәріні 2 жастан бастап балаларға және ересектерге тағайындауға болатынын жазған. Рецептісіз босатылады.

Орталық Азияда тұмау және тыныс аурулары өршіп, Қырғызстан барлық мектертерді қашықтан оқуға ауыстырған.

XS
SM
MD
LG