Accessibility links

Ресейде қарттар үйі өртеніп, 22 адам қаза болды


Екіқабатты қарттар үйі өрттен кейін. Екінші қабаты тұтас өртеніп кеткен. Ресей, Кемереов облысы, 24 желтоқсан 2022 жыл.
Екіқабатты қарттар үйі өрттен кейін. Екінші қабаты тұтас өртеніп кеткен. Ресей, Кемереов облысы, 24 желтоқсан 2022 жыл.

Ресейдің Кемеров облысында қарттар үйі өртеніп, 22 адам қаза болды, деп хабарлады тергеу комитеті.

Тағы алты адам зардап шегіп, екеуінің денесін күйік шалған. Қазір ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр.

Екіқабатты қарттар үйінің екінші қабаты тұтас өртеніп кеткен. Кемеров облысы прокуратурасы оқиғаны тексере бастаған. Тергеу комитеті бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Арасында "абайсызда адам өліміне соқтырған салақтық" бабы да бар.

Тергеу органдарының мәліметінше, өртке көмір пешіндегі ақау себеп болған. Қарттар үйінің заңсыз істегені де хабарланды. Ғимаратта қандай да бір өрт сөндіру жүйесі орнатылмаған.

Қайғылы оқиғадан кейін Кемеров облысының жетекшісі Сергей Цивилев аймақтағы барлық қарттар үйін тексеруді тапсырды.

Тергеу комитеті тергеуден кейін қарттар үйінің иесі ұсталғанын хабарлады. Ведомство хабарламасында оның қарттар үйін"ешқандай келісімшартсыз, жарғылық құжаттарсыз" ашқаны айтылған.

Бұған дейін өртенген қарттар үйінің жетекшісі Андрей Смирнов екені айтылған. 2021 жылы мекеменің бұрынғы қызметкері оны "баспанасыз қарттардың зейнетақысының бір бөлігін иемденді, оларды қорлады" деп айыптаған.

  • 2022 жылы қаңтарда да Кемеровта қарттар үйі өртеніп, төрт адам қаза болған еді.
  • 2018 жылы Кемеровтағы "Зимняя вишня" сауда орталығында ірі өрт болып, 60 адам опат болған, 37-ісі – бала, 147 адам зардап шеккен.
XS
SM
MD
LG