Accessibility links

Парижде нәсілшілдікке қарсы шеру тәртіпсіздікке ұласып, 11 адам ұсталды


Парижде атыстан кейін күрдтер қауымдастығы шеруге шықты. Франция, 24 желтоқсан 2022 жыл.
Парижде атыстан кейін күрдтер қауымдастығы шеруге шықты. Франция, 24 желтоқсан 2022 жыл.

Сенбі күні Парижде 23 желтоқсанда өлтірілген күрдтерді еске алу шарасы өтіп, наразылықтың соңы тәртіпсіздікке ұласты. 11 адам ұсталып, 11 полицей және бір демонстрант жеңіл жарақат алған. Бұл жөнінде француздың Le Monde басылымы жазды.

Рсепублика алаңында акция басталғаннан кейін шамамен бір сағаттан соң бірнеше демонстрант полицейлерге түрлі заттар лақтыра бастаған. Қақтығыс шамамен екі сағатқа созылған, бұдан соң наразылар тараған.

Тәртіпсіздіктің салдарынан көліктер аударылып, кемінде біреуі өртенген, дүкендердің әйнектері шағылған.

23 желтоқсанда Парижде күрдтер қоғамдық орталығында атыс болып, үш адам қаза болған, бірнеше адам жараланған. Күдікті оқиға орнында ұсталған. 69 жастағы күдіктінің аты-жөні аталмайды, бірақ оның бұрын мигранттар лагеріне шабуыл жасағаны хабарланды. Шабуылға нәсілшілдік түрткі болғаны айтылады. Күдікті қамауда болып келген, бірақ 12 желтоқсанда сот қадағалауымен босатылған.

XS
SM
MD
LG