Accessibility links

Қаңтар оқиғасына арналған "Тағзым" мемориалы үш күннен соң қайта жөнделіп жатыр


Қаңтар оқиғасы арналған "Тағзым" мемориалы. Алматы, 26 желтоқсан 2022 жыл
Қаңтар оқиғасы арналған "Тағзым" мемориалы. Алматы, 26 желтоқсан 2022 жыл

Осыдан үш күн бұрын, желтоқсанның 23-іне Алматы қаласына Қаңтар құрбандарының құрметіне қойылған "Тағзым" мемориалы қайта жөнделіп жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарына қарағанда, мемориал маңында отызға жуық жұмысшы жұмыс істеп жүр. Олар мемориал жазуларының түсіп қалған әріптерін қайта желімдеп, кей тұсындағы гранит тақталарды цементтеген.

Жұмысшыларға басшылық етіп жүрген, өзін Камиль деп таныстырған адам "RAMS" компаниясының жұмысшылары екенін, "әкімдікке көмектесіп жүргендерін" айтты. Өзге сұрақтарға жауап бермеді.

Мемориал аумағында жүрген Азаттық тілшілеріне сол маңдағы полицей келіп, жұмысшыларға кедергі келтірмей, кетіп қалуды сұрады.

Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориал өткен жұма күні, 23 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев ашқан еді. Ескерткішті ашу рәсіміне негізінен шенеуніктер мен бюджет қызметкерлері қатысқан. Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болғандардың туыстары қатыса алмады.

Президент кеткен соң мемориалға келген қоғам белсенділері мен Қаңтар оқиғасы кезінде ет жақындары қаза болған адамдардың мемориалға көңілі толмағаны байқалған. Олар "Жаңа ескерткіш Қаңтар қырғынына тағзым етуге лайық емес" деп есептеп, қаза болған 238 адамның аты-жөні жазылмағанына наразылығын білдірген. Мүсіншілер де мемориал нұсқалары қоғамда ашық талқыланбағанын, мүсіншілер арасында байқау болмағанын айтқан. Жексенбі күні әлеуметтік желіде мемориалдың сапасын сынаған видео да тараған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG