Accessibility links

Коронавирус ахуалы: Бір адам қайтыс болды, 263 жаңа науқас анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда 28 желтоқсанда 263 адамнан коронавирус анықталған. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 32 адамға көп, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Ведомство сонымен бірге кейінгі 18 күнде алғаш рет адам өлімі тіркелгенін де айтты. Соңғы рет министрлік коронавирустан бір адам қаза болғанын 11 желтоқсанда хабарлаған.

Денсаулық сақтау министрлігінің 29 желтоқсан күнгі ақпараты бойынша 2729 адам (2578-і - коронавирус, 151-і коронавирус пневмониясына шалдыққан) коронавирустан емделіп жатыр. 256-сы – ауруханада, 2473 науқас амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр.

Науқастардың 7-інің жағдайы ауыр, алтауының жағдайы өте ауыр. 2 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Індет басталғалы бері 1 402 543 адам коронавирусқа шалдыққан. 19 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болған деп айтылады.

XS
SM
MD
LG