Accessibility links

Территория тұтастығын қалпына келтіру және барлық тұтқынды босату. Зеленский Украинаның мақсаттары туралы айтты


Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Сәрсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы радада жыл сайынғы жолдауын жасады. Зеленский сөзінен үзіндіні әлеуметтік желіде депутат Алексей Гончаренко жариялады.

Гончаренко Телеграм-арнасында украин президенті жолдауының негізгі тезистерін келтіреді.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей агрессиясына төтеп беріп жатқан Украина Еуроодақ пен қалған әлемді нығайтуға үлес қосып жатыр. "Украин армиясы – империя дәуірінің қайта оралмайтындығының кепілі" деді.

Президент Зеленский Украина территориялық тұтастығын қалпына келтіріп, барлық тұтқынды босатуды көздейді деді. Бұл жөнінде Телеграм-арнасында депутат Ярослав Желензняк хабарлады. Ол да Зеленскийдің тезистерін жариялаған.

Железняктің сөзінше, президент Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру Еуропаның ірі экономикалық жобасы болады деп айтқан.

Зеленский бұған қоса, Ресей әскери қылмысы үшін жауапқа тартылады деген. Президенттің айтуынша, қазір оның арнайы механизмдері де жасалып жатыр.

Ресей армиясының Украинадағы әскери қылмыстарын зерттеумен Халықаралық қылмыстық сот айналысады. Мәскеу өзіне тағылған айыптарды тұтас жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG