Accessibility links

Байден АҚШ-тың 2023 жылғы бюджетіне қол қойды. Вашингтон Украинаға 45 млрд доллар көмек бермек


Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Джо Байден Вашингтонда кездескен сәт. 21 желтоқсан 2022 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Джо Байден Вашингтонда кездескен сәт. 21 желтоқсан 2022 жыл.

АҚШ президенті Джо Байден елдің 2023 жылғы бюджетіне қол қойды. АҚШ-тың келесі жылғы бюджеті 1 триллион 700 миллиард долларды құрады.

Қаржы заңында қорғаныс министрлігіне рекордтық көлемде қаржы бөлінген – 858 миллиард доллар. Бұл былтырмен салыстырғанда он пайызға көп.

Бұған қоса, Украина мен НАТО елдеріне көмекке 45 миллиард доллар бөлінбек. Бұл қаржы да Байден әкімшілігінің Конгресстен сұраған сомадан көп.

21 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский Конгрессте сөйлеген сөзінде АҚШ-тан көмек сұраған. "Сіздер берген қаржы қайырымдылық деп ойламаңыздар, бұл қаржы - ғаламдық қауіпсіздікке инвестиция" деген еді ол.

Ал АҚШ қаржы министрлігіне бөлінген 140 миллиард доллар қару-жарақ жасау және зерттеуге жұмсалмақ. Пентагон алда гипердыбыстық ракеталарды жасау жолдарын зерттемек.

АҚШ-тың 2023 жылғы бюджетінде медициналық зерттеулерге; қауіпсіздікке; табиғи апаттың салдарын қалпына келтіруге; тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге, ардагерлерге баспанамен көмектесуге қаржы қарастырылған.

Бұған дейін 2023 жылдың бюджетін АҚШ конрессінің екі палатасы да мақұлдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG