Accessibility links

Тау шаңғысынан жасөспірімдер арасында Ресей кубогының иегері Қазақстан азаматтығын алды


Александра Скороходова
Александра Скороходова

Тау шаңғысынан жасөспірімдер арасында Ресей кубогының иегері Александра Скороходова Қазақстан азаматтығын алып, осы елдің атынан жарыстарға бармақ. Бұл туралы "Қазинформ" ақпарат агенттігі хабарлады.

16 жастағы Скороходова Қазақстан чемпионаты мен 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадаға қатысуды жоспарлайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Марк Шпарберг "ол – қазір 16-17 жастағы спортшылар арасындағы үздіктің бірі. Оны біздің спортшылардың да деңгейін көтеру үшін алдық, себебі спортта мықты болу үшін өзіңнен мықтылармен жаттығу керек" дейді.

Александра Скороходова Instagram парақшасында Қазақстан азаматтығын алғанын растап, Қазақстан құрамасына өтуін "2022 жылдың ең маңызды оқиғасы" деп атады.

Скороходова 2022 жылы ақпанда тау шаңғысынан (гигант слалом) 2006-2007 жылы туған спортшылар арасында Ресей кубогының жалпы есебінде бірінші орын алған.

  • 2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кірген соң көптеген халықаралық спорт ұйымдары Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстан шектеген. Халықаралық шаңғы спорты федерациясы да ресейлік және беларусь спортшыларын 2022/23 жылдың соңына дейін жарыстарға қатыстырмай тастаған.
  • 2022 жылы ресейлік велоспортшы Павел Сиваков Франция құрамасына, шахматшы Евгений Романов Норвегия құрамасына ауысқан. Марафоншы Сардан Трофимов Қырғызстан азаматтығын, теннисші Натела Дзамалидзе Грузия азаматтығын алды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG