2022 жылдың соңғы күні Ватиканда отставкадағы Рим папасы XVI Бенедикт (Алоис Ратцингер) қайтыс болды. Бұл жөнінде сенбі күні қасиетті престолдың баспасөз қызметі хабарлады.
XVI Бенедиктің жасы 95-те болған. Ол Рим католик шіркеуінің тарихында қызметте ең ұзақ болған дінбасы атанған.
Бенедикт Германияда дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, соғыстан кейін теологияны меңгерген. 1970-жылдары Мюнхенде – архиепископ, ізінше кардинал болды. Жаңа кезеңдегі көрнекті католик дінтанушысы ретінде аты шыққан. ІІ Иоанн Павел Рим папасы болып тұрған кезде сенім доктринасы конгрегациясына жетекшілік етті.
2005 жылы II Ионна Павел қайтыс болғаннан кейін Рим папасы болып сайланды. Бенедикт понтификаты католик діні қызметкерлері арасында педофилиямен байланысты дау-дамайларға жиі ұшырады. 2013 жылы ақпанда өз еркімен отставка кеткен. Оның орнына Франциск Рим папасы болды. Отставкаға кеткеннен кейін ол Ватикандағы бұрынғы әйелдер монастырына барып тұрған, жұрт алдына сирек шыққан.
Ватикан бірнеше күн бұрын XVI Бенедиктінің денсаулығы нашарлағанын хабарлаған. Сол кезде қазіргі Рим папасы Францискінің оған халін сұрап барғаны хабарланды.
ПІКІРЛЕР