Accessibility links

Reuters: Сақтандыру компаниялары Ресей және Украинамен жұмыс істеуден бас тартып жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сақтандыру компанияларын қайта сақтандырудан өткізетін халықаралық ұйымдардың бір бөлігі 2023 жылдан бастап Ресей, Украина және Беларусьпен жұмыс істеуден бас тарта бастады. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.

Gallagher Re International төрағасы Джеймс Викерстің сөзіне қарағанда, нарыққа қатысушылардың көбі Украинадағы соғысқа байланысты сол елдерде сақтандыруға қатысты мәселелер туындағанын айтқан. Қайта сақтандырушы ұйымдар келісімшарттарын қайта ұзартқысы келмегендіктен сақтандырушылар да тұрақсыз нарықта жұмыс істеуге ықылас білдірмеген.

Reuters'тің жазуынша, қайта сақтандырушы ұйымдардың қызмет құнының өсуі сақтандырушылардың корпоративтік клиенттеріне әсер етеді. Соның салдарынан сақтандыру құны да қымбаттайды.

Кеме сақтандырушылары нарықтан кететінін мәлімдеген. Авиасақтандыру құны Ресейде лизингке алынған ұшақтардың "тұралап қалуына" байланысты 200 пайызға қымбаттаған.

"Аталған сектор 2001-2006 жылдан бергі ең қатты құлдырауды бастан кешіріп отыр" деді брокерлік қызмет көрсететін Howden сараптама бөлімінің жетекшісі Дэвид Фландро.

  • Украинадағы соғыстың салдарынан бөлек, сақтандырушылар былтыр АҚШ-тың Флорида штатындағы "Иэн" дауылынан кейін ірі шығынға батқан. Howden брокері оны сақтандыру саласы тарихындағы ең ірі шығындардың бірі ретінде атады.

XS
SM
MD
LG