Accessibility links

Алматы әкімдігі "Тағзым" мемориалына қанша қаржы жұмсалғанын айтудан бас тартты


Қаңтар құрбандарына ашылған "Тағзым" мемориалы. 23 желтоқсан 2022 жыл.
Қаңтар құрбандарына ашылған "Тағзым" мемориалы. 23 желтоқсан 2022 жыл.

Алматы әкімдігі былтыр 23 желтоқсанда Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналып ашылған "Тағзым" мемориалына қанша қаржы жұмсалғанын айтудан бас тартты.

Әкімдік 4 қаңтарда Азаттыққа жолдаған ресми жауабында ескерткіш бюджетіне байланысты сұрақтарға "қызметтік пайдалану үшін жауап беруге мүмкіндік жоқ" деген.

Бұған қоса, әкімдік жауабында мемориалды орнату үшін мемлекеттік сатып алу порталында ешқандай келісімшарт жасалмағаны айтылған, "ескерткішке қанша қаржы жұмсалды?" деген сұрақ жауапсыз қалған.

Азаттық тілшілері мемориал ашылған күні бюджетін білу үшін қала әкімдігіне қоңырау шалғанда, әкімдіктегілер "бұл — ешқандай құпия ақпарат емес, ресми сұрау жолдасаңыздар жауап береміз" деген еді.

Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориалды 23 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев ашқан. "Тағзым" деп аталған мемориал-кешен қазаққа танымал тұлғалардың сөздері жазылған 13 тақтадан тұрады. Қоғам белсенділері мен Қаңтар оқиғасында жақындарынан айырылған адамдардың мемориалға көңілі толмаған еді. Олар "Жаңа ескерткіш Қаңтар қырғынына тағзым етуге лайық емес" деп, қаза болған 238 адамның аты-жөні жазылмағанына наразылығын білдірген. Мүсіншілер де мемориал нұсқалары қоғамда ашық талқыланбағанын, мүсіншілер арасында байқау болмағанын айтқан.

Қоғамда мемориалдың сапасына да сын айтылды. Ескерткіш ресми ашылған соң бірнеше күннен кейін-ақ қайта жөнделген еді.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар оқиғасына биыл бір жыл толды. Былтыр қаңтардың басында Маңғыстау облысында сұйытылған газдың қымбаттауынан басталған наразылықты Қазақстанның көптеген өңірінде халық қолдап, жаппай шеруге шыққан еді. Кейін бірнеше қалада бейбіт митингінің аяғы тәртіпсіздікке ұласып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ескертусіз оқ атуға бұйрық берген. Билік елде төтенше жағдай жариялап, "террористер шабуылы" туралы айтқанмен оған дәлел келтірген жоқ.

Тоқаев ашқан мемориал қайта жөнделіп жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:51 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG