Роскомнадзор Ресей аумағында "Украинская женская стража" қоғамдық ұйымы және Азаттықтың Тәжік қызметінің видео хабарын бұғаттаған. Бұл жөнінде "Роскомсвобода" жобасы хабарлады.
"Украинская женская стража" – әйелдерге өзін-өзі қорғануға үйрететін және соғыс жайлы айтатын қоғамдық ұйым. Роскомнадзор қоғамдық ұйым жариялаған Озоди радиосының (Азаттықтың Тәжік қызметі) "Тәжік үкіметінің қарсыластары Украинаға неге барды?" деген видеосын бұғаттаған.
Осының алдында Роскомнадзор "Куәгерлер" жобасының Украинадағы соғыс куәгерлері жайлы видеосын жапқан. Жоба бас редакторы Виктор Мучник материалдарды әлеуметтік желіден көруге болатынын жеткізді.
Роскомнадзор 26 наурызда Озоди радиосының орыстілді сайтын, сонымен бірге Азаттықтың Қазақ қызметі мен Түркімен қызметінің сайттарын да Ресей аумағында бұғаттаған.
ПІКІРЛЕР