Accessibility links

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры бостандыққа шыққаны хабарланды


Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров
Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров

2019 жылы шілдеде 10 жылға бас бостандығынан айрылған экс-прокурор Рашид Қадыров жуырда уақытынан бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы Kun.uz басылымы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Бұрынғы бас прокурорлардың бірі" түрмеден шыққанын мұның алдында "Эзгулик" ұйымының жетекшісі Әбдірахмон Ташанов та жазған. Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов Daryo басылымына экс-шенеуніктің еркіндікке шыққаны туралы мәлімет алмағанын айтса, ІІМ баспасөз хатшысы Шохрух Гиясов бұл мәселені соттан сұрау керек деп жауап берген.

Рашид Қадыров 2000—2015 жылдары бас прокуратураны басқарды, одан соң екі жыл Конституиялық сот судьясы болды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны 2018 жылғы ақпанда мәлім болды.

Рашид Қадыровқа қатысты қылмыстық істе барлығы 13 адам болған. Сот үкімінде Қадыровтың бас прокурор болып тұрған уақытта "бір топ адаммен сөз байласып, бірнеше аса ірі қылмыс жасағаны" жазылған. Жабық сот шамамен алты айға созылды. 200-ден аса куәгер тыңдалды.

2016 жылы билікке келген Шавкат Мирзияев Каримов кезінде тағайындалған күштік құрылым жетекшілерінің барлығын қызметтен кетірген. Кейбірі жемқорлық бойынша айыпталып, сотталды. Арасында Рашид Қадыров та бар.

Өзбекстанның тағы екі бас прокуроры Ихтиёр Абдуллаев (2015−2018 жылдары бас прокурор болған) пен Отабек Муродов (2018−2019 жылдары бас прокурор болған) та ұзақ жылдарға сотталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG