Accessibility links

Bloomberg: Қытай Батыс елдерінің коронавирусқа қарсы вакцинасынан бас тартты


Қытай билігі елде коронавирус індеті ушығып жатса да, АҚШ ұсынған вирусқа қарсы вакцинадан бас тартты. Бұл жөнінде Bloomberg хабарлады.

Желтоқсан кезінде Қытайға барған АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дэниел Критенбринк және АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Лаура Розенбер Пекинге індетпен күресу бойынша көмегін ұсынған. Одан бөлек, мұндай ұсынысты АҚШ денсаулық сақтау саласының мамандары да жасаған.

Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нин 6 қаңтарда елде вакциналар мен дәрі-дәрмектер жеткілікті екенін айтып, коронавирус мәселесі бойынша "халықаралық қауымдастықпен" ынтымақтыстығын жалғастыруға уәде берген.

Бұған дейін Financial Times басылымы Еуроодақ Қытайға коронавирусқа қарсы тегін вакцина ұсынғанын жазған.

  • Қытайда екпе науқаны кезінде коронавирусқа қарсы Sinovac және Sinopharm дәрілері пайдаланылған, ал шетелде өндірілген екпелер қолданылмаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылы 21 желтоқсанда Қытайда вакцинация науқанының тиісті дәрежеде жүргізілмей жатқанын мәлімдеген. Жергілікті вакциналар аурудың ушыққан түрімен үш дозасы салынғаннан кейін күреседі. ДСҰ мәліметінше, Қытайда 80 жастан асқан халықтың тек 40 пайызына ғана аталған вакциналар салынған. Қытайда наразылықтан кейін коронавирус шектеулері әлсіреп, ізінше коронавирус індеті ушыққан еді.
XS
SM
MD
LG