Accessibility links

Украина қарулы күштері әлемдегі ең қуатты 15 армия қатарына енді


Украина қарулы күштері халықаралық Global Firepower (GFP) рейтингісінде алғаш рет әлемдегі ең мықты 15 армияның бірі ретінде танылды. Былтыр Украина 22-орынды иеленген.

Биыл Украина қарулы күштері Иран, Израиль, Австралия, Сауд Арабиясы, Испания, Тайвань, Германияны басып озған. Рейтингіде 145 ел бар.

"Украина Ресейге тойтарыс беріп жатқандықтан, 2022 жылы GFP индексі бойынша көрсеткішін жақсартты. Ол қарымта жауап қайтарып, Батыстың қаржылай, материалдық қолдауының нәтижесінде, сонымен бірге жаңа маңызды категориялар енгізгендіктен жалпы тізімдегі жағдайын жақсартты" деп жазылған хабарламада.

Рейтингіде бірінші орында – АҚШ, екінші орында – Ресей, үшінші орында Қытай тұр.

  • АҚШ, Еуропа елдері, Жапония, Австралия Украинаға миллиардтаған доллар көлемінде әскери, қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетті. Көмек көлемі жағынан бірінші орында АҚШ, одан кейін Ұлыбритания, Германия, Канада және Польша тұр.

XS
SM
MD
LG