Accessibility links

Путин Кремль соборындағы Рождество рәсіміне жалғыз өзі барып қайтты


Владимир Путин Кремль соборындағы Рождествоға арналған құлшылық рәсімі кезінде.
Владимир Путин Кремль соборындағы Рождествоға арналған құлшылық рәсімі кезінде.

7 қаңтарға қараған түні православ христиандары Юлиан күнтізбесі бойынша кіретін Рождествоны атап өте бастады.

Ақпарат құралдары мен интернет қолданушылары Ресей басшысы Владимир Путиннің Кремльде Благовещенский соборындағы құлшылық қызметіне жалғыз өзі барып қайтқанына назар аударды. Путиннен басқа храмда тек дінбасы ғана болған. Мұны Ресейдің мемлекеттік "Россия 1" арнасы көрсеткен кадрлардан байқауға болады.

Путин Рождествоны осымен үшінші рет Мәскеуде қарсы алып отыр. Алдыңғылары 2000-жылдың басында болған. 2022 жылы Путин Рождествоны Мәскеу түбіндегі Ново-Огарево резиденциясындағы шағын шіркеуде қарсы алған. Оның алдында 2021 жылы Ресей басшысы Новгород облысында болған.

Рождество мерекесімен құттықтаған Владимир Путин ресейлік шіркеу ұйымдары ұлтаралық бейбітшілік пен Украинадағы "әскери операцияға" қатысқандарды қолдайды деп айтты.

Рождество қарсаңында Путин Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға 6 қаңтар тал түстен бастап 7 қаңтар түнге дейін, яғни 36 сағатқа атысты тоқтату режимін енгізуді тапсырған.

Ресей билігі Киевті сондай қадамға шақырған. Украина мұндай ұсыныстан бас тартқан. Украина басшылығы Мәскеудің әрекетін "екіжүзділік" деп атаған.

Киевтің айтуынша, Ресей жағы "атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен кейін де" атқылауды тоқтатпаған.

XS
SM
MD
LG