Accessibility links

Ресейдің Қазақстанмен іргелес жатқан Орынбор облысында мобилизациямен әскерге алынғандардың лагері өртенген


Мобилизациямен әскерге алынған Ресей солдаттары
Мобилизациямен әскерге алынған Ресей солдаттары

Ресейдің Қазақстанмен іргелес жатқан Орынбор облысында Украинадағы соғысқа байланысты мобилизациямен әскерге алынған солдаттардың лагері өртенген.

"9 қаңтарда оқу бөлімінен өрт шыққан" деп жазады "7х7 — Горизонтальная Россия".

"Оренбург Очевидец" паблигі әскери бөлімдегі өрт сөндіргіш мәшинеде су болмай, әскери қызметкерлер қаладан құтқарушы күтуге мәжбүр болғанын, өртті мас офицерлер шығарғанын жазған. Мұның астындағы пікірлерде өртеген офицерлер емес, мобилизациямен әскерге алынғандар деген ескерту жазылған.

Самарадан әскерге алынғандардың палаткалары да өртенген. Олардың бірінің әкесінің "7х7" басылымына айтуына қарағанда, ұлына арнап сатып алған керек-жарақ заттың бәрі өртенген.

2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 1 қаңтарына қараған түні, Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа жылдық құттықтауы кезінде Украина Макеевка қаласында әскерге мобилизациямен алынғандар орналасқан училище ғимаратын HIMARS зымыранымен атып талқандаған еді. Ресей қорғаныс министрлігі 89 жауынгердің өлгенін хабарлаған. Украина 400 солдат өліп, 300 солдат жараланды деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG