Accessibility links

Полиция "олигархтардың балаларының төбелесіне ІІМ қызметкерлерінің қатысын" тексереді


Полиция бөлімшесі. Көрнекі сурет.

Полиция "олигархтардың балаларының төбелесіне" ІІМ қызметкерлерінің қатысын тексереді. Бұл жөнінде Алматы қаласы полиция департаментінің ресми жауабына сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады. Бұған дейін Алматы полициясы қаладағы мейрамханалардың бірінде болған төбелесті тексеретінін хабарлаған. Кейбір телеграм-арналардың жазуынша, төбелеске олигархтардың балаларының қатысы бар.

"Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімшесі аталған фактіні тексере бастады, нәтижесінде кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылады" деп жазылған полицияның агенттікке жіберген жауабында.

Бұған дейін "Бәсе" телеграм-арнасы Алматыдағы караоке клубтарының бірінде қазақстандық екі олигархтың ұлдары мен олардың оққағарларының төбелескенін хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, "оққағарлардың бірі – ІІМ қызметкері". Оның диджейді "ұрып-соққаны да" хабарланған.

Төбелестің нақты қай күні болғаны белгісіз. 9 қаңтарда Алматы полициясы оқиғаға байланысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелгенін хабарлаған. Төбелескендердің жарақатының дәрежесін анықтау үшін сот-медицина сараптамасы да тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG