Accessibility links

Кабулда сыртқы істер министрлігі ғимаратында жарылыс болды. Қаза болғандар бар


Оқиға орнын күзетіп тұрған "Талибан" сақшысы.
Оқиға орнын күзетіп тұрған "Талибан" сақшысы.

11 қаңтарда Ауғанстан астанасы Кабулда сыртқы істер министрлігі ғимаратында жарылыс болып, кемінде 20 адам қаза тапты. "Әл-Жазира" телеарнасының хабарлауынша, жарылысты жанкешті жасаған.

"Талибан" қозғалысының өкілі Ахмадулла Муттақи жанкешті сыртқы істер министрлігінің ғимаратына кірмек болған, бірақ оны күзетшілер тоқтатқан кезде, өзін жарып жіберді деп мәлімдеді.

Сәрсенбі күні СІМ ғимаратына Қытай делегациясы келмек болған.

Былтыр желтоқсан айында Кабулда қарулы күштер тобы қытай кәсіпкерлері тұрып жатқан қонақүйге оқ атқан. Бес қытай азаматы жараланған. Осыдан кейін қытай инвесторлары Ауғанстанмен қарым-қатынас мәселесін қайта қараймыз деп мәлімдеген.

2021 жылдың тамыз айында билікке "Талибан" қозғалысы келген. Содан бері бұл елде түрлі терактілер көбейіп кетті.

Ең ірі теракті былтыр тамыз айында Кабул әуежайында болды. Кемінде 200 адам қаза болды.

XS
SM
MD
LG