Accessibility links

Ташкентте қала билігі тұрғындарға тегін палау таратып жатыр


Ауа райының күрт суытуына байланысты Ташкент әкімдігі астанадағы тойханаларда тегін палау тарата бастады.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, астана тұрғындарына арналған палау 12-16 қаңтар аралығында тегін таратылады.

Өзбек астанасындағы бес тойхана халыққа арнап палау басуға кірісіп те кетті.

Әкімдіктің Telegram-арнасында тегін палау ұсынатын тойханалар тізімі жарияланды.

Мәліметке қарағанда, палау жағдайы нашар азаматтарға, коммуналдық қызметтердің жұмысшыларына, жолдағы сақшыларға тегін таратылады.

Алайда астана әкімдігінің баспасөз қызметі әрбір тойханада қанша келі палау басылатынын, оны қандай тәртіппен тарататынын түсіндірмеді. Бұған қоса, әкімдік бес күн бойы тегін берілетін палауға қанша қаражат бөлінгенін айтпады.

Өзгидромет мәліметінше, 10 қаңтардан бастап Өзбекстанда ауа температурасы түнде -17 градусқа, күндіз -8-10 градусқа дейін төмендеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG