Accessibility links

Өзбекстанда газ құю станциялары уақытша жабылды


Өзбекстан энергетика министрлігі елде ауа-райының күрт суытуына байланысты газ қысымы төмендеп жатқанын хабарлады.

Соған сәйкес, суық күндері газды бірінші кезекте халыққа, әлеуметтік нысандарға жеткізу қарастырылған.

"Осы мақсатта бірқатар ірі өндіріс кәсіпорындарына газ беру азайтылып, автогаз толтырушы компрессорлық станциялардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұдан бөлек сұранысты толық қамтамасыз ету үшін бензин мен дизель майы сатыла бастайды", - деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Соңғы екі күн ішінде "Өзбекмұнайгаз" компаниясына тиесілі компрессорлық станциялардағы газ тартатын агрегаттарда бірнеше апат тіркелгені хабарланды. Компания ақпаратына қарағанда, апатқа электр желілеріндегі шар клапандары мен түтіктердің қатып қалуы себеп болған. Бұдан бөлек компрессорлық станциялардағы газ тартатын агрегаттар апаттық жағдайда жұмысын тоқтатқан.

Компаниядан тоқтап қалған агрегаттардың және технологиялық құрылымдардың жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қаралып жатқаны хабарланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG