Accessibility links

Қазақстанның батысында жолда қалған 30-дан астам өзбек азаматы эвакуацияланды


Қақағаз аязда жолда қалған өзбек азаматтары.
Қақағаз аязда жолда қалған өзбек азаматтары.

12 қаңтарда Самара – Шымкент автожолының 819-шақырымында Краснодар – Сарыағаш бағыты бойынша кетіп бара жатқан 31 өзбек азаматы мінген автобус тоқтап қалған, деп хабарлады "Дуне" агенттігі хабарлады.

Дизельмен жүретін автобустың жанармайы қақаған аязда қатып қалған. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының құтқарушылары жолаушыларды Хромтаудағы туристік базаға әкеліп, орналастырған.

Зардап шеккендер жоқ. Автобус жөндеуге жіберілген. Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығы жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан аумағында жайсыз ауа райының салдарынан қиын жағдайда қалған азаматтарына Астанадағы елшілікке, Алматы мен Ақтаудағы бас консулдыққа хабарласу керектігін айтты.

Бұған дейін Ақтөбе облысында қақаған аязда жолда қалған екі жолаушылар автобусынан 69 өзбек азаматы эвакуацияланған еді. Оларды білім беру мекемесі мен мешітке уақытша орналастырған. Ізінше Өзбекстан көлік министрлігі жолаушылардың ойдағыдай сапарын жалғастырғанын мәлімдеген.

13 қаңтарда Өзбекстан көлік министрлігі аязға байланысты халықаралық бағыттар бойынша жүретін автобустарын уақытша тоқтатқаны белгілі болды.

XS
SM
MD
LG