15 қаңтарда Алматының Жетісу ауданында Барахолка базарына жақын аумақта қоймадан өрт шыққан. Қаланың төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі ірі өртке байланысты қоймадан тауарлар көшіріледі деп хабарлады.
"Төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдары қойма өртеніп жатқан Жетісу ауданы Москвина көшесінде ерекше құраммен жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында штаб құрылды, екі өрт сөндіру аумағы анықталды" деді төтенше жағдай департаменті өкілдері.
Департамент өкілдері өрт көрші қоймаларға жайылмас үшін жағдай жасалғанын хабарлады.
Мамандар қалың түтін өрт ошағын анықтауға кедергі келтіргенін айтты. Өрт аумағында температураға 150-200 градусқа дейін жеткен.
Өрт түскі сағат 13:18-де сөндірілген.
Өрттің қашан басталғаны, аумағы жөнінде ақпарат жоқ.
ПІКІРЛЕР