Accessibility links

Рыбакина Australian Open жарысындағы алғашқы қарсыласын оңай жеңді


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open жарысында. 16 қаңтар 2023 жыл.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open жарысында. 16 қаңтар 2023 жыл.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбрунде басталған Australian Open жарысының алғашқы айналымында италиялық Элизабетта Кочареттоны 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, екінші айналымға шықты. Матч 1 сағат 23 минутқа созылды. Ойында Рыбакина бес эйс, Кочаретто екі эйс жасады.

23 жастағы Рыбакина әлемдік рейтингте 25-орында, 21 жастағы Кочаретто 48-орында тұр.

Рыбакина екінші айналымда Кайя Юван (Словения, рейтингте 104-орында) – Селена Яничевич (Франция, 185-орында) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Рыбакина 2022 жылы Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Wimbledon турнирінде жеңіске жеткен еді. Australian Open де Grand Slam жарыстарының тізімінде.

Australian Open жарысының жекелей сынына Рыбакинадан бөлек Қазақстаннан Юлия Путинцева (47) мен ерлер арасында Александр Бублик (36) қатысып жатыр. Путинцева алғашқы айналымда румыниялық Сорана Крыстямен (42) кортқа шығады. Ал Бублик испаниялық Алехандро Давидович Фокинамен (32) ойнайды.

Рыбакина, Путинцева, Бублик және қазақстандық тағы бір теннисші Анна Данилина Australian Open турнирінің жұптық бәсекесіне қатысады.

Бұл турнир 29 қаңтарда аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG