Accessibility links

Украинада қаза тапқаны анықталған бейбіт тұрғын саны жеті мыңнан асты


Ресейдің зымыран шабуылынан көпқабатты тұрғын үйдің бір подъезі тұтас қирап, бірнеше ондаған бейбіт адам қаза тапты, арасында балалар да бар. Днепр, Украина, 16 қаңтар 2023 жыл
Ресейдің зымыран шабуылынан көпқабатты тұрғын үйдің бір подъезі тұтас қирап, бірнеше ондаған бейбіт адам қаза тапты, арасында балалар да бар. Днепр, Украина, 16 қаңтар 2023 жыл

Украинада соғыс басталғалы бері қаза тапқаны анықталған бейбіт тұрғын саны жеті мыңнан асты. Бұл дерек БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының жаңа баяндамасында айтылған.

Баяндамада бұл құжатқа қатталып, қазасы расталған адамдар ғана, бірақ кескілескен шайқас болған аймақтарда (Мариуполь, Северодонецк, Лисичанск, Соледар мен Бахмут) өлгендер саны бұдан да көп болуы әбден мүмкін, ол жақтан соғыс кезінде толымды ақпарат алу мүмкін емес деп жазылған.

Ресей басқыншылығы басталған былтырғы 24 ақпаннан бастап биылғы 16 қаңтарға дейін Украинада, БҰҰ дерегінше, 7031 бейбіт тұрғын, оның ішінде 433 бала қаза тапқан. 11327 адам жараланған, оның 827-сі – бала. Марқұмдардың 90 пайыздан астамы Украина билігі бақылайтын аумақта өлген.

  • Бұған дейін Ресей зымыраны түсіп, тұтас бір подъезі түгел қираған Украинаның Днепр қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті. Кейінгі мәліметке қарағанда, қаза болғандар арасында үш бала бар, тағы отызға жуық адамның тағдыры әлі белгісіз. Қираған үйдің орнынан 39 адам құтқарылған. Жарылыс салдарынан жараланған 75 адамның арасында 14 бала бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG