17 қаңтарда Германияның Лютцерат елдімекенінде бірқатар белсенді ұсталды, арасында швед экобелсендісі Грета Тунберг те бар.
Тунберг жақтастарымен бірге көмір шахтасын ұлғайту үшін аталған елдімекенді көшіруге наразы болған. Ақпарат құралдарының жазуынша, елдімекен мен карьер RWE компаниясына тиесілі.
Грета Тунберг наразылыққа 16 қаңтарда қосылған. Өткен аптада көп күндік акцияны полицияның таратуға тырысқаны хабарланған еді.
Бірнеше жыл бұрын Тунберг оқушы кезінде билікті ғаламдық жылынуға қарсы шара қолдануға үндеп, танымал бола бастаған. Кейін оны халықаралық конференцияларға шақыра бастады.
Экобелсенді халықаралық дәрежедегі саясаткерлермен кездесіп, әлем үкіметтерін ғаламдық жылынумен тиісті дәрежеде күреспей отырғанын айтып, сынаған.
ПІКІРЛЕР