Германия Ресейдің энергия тасымалдаушыларына тәуелділіктен құтылды. BBC-ге берген сұхбатында Германия қаржы министрі Кристиан Линднер осылай деп мәлімдеді.
"Әрине, Германия энергия тасымалдаушыларына әлі де тәуелді, алайда қазір ол Ресей импорты емес, халықаралық нарыққа тәуелді" деді Линднер.
Министрдің айтуынша, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Германия тасымалдауды әртараптандыра алған. Берлин бұған қоса, көмір жағатын электр станцияларының жұмысын жандандырып, қалған үш АЭС-ті жабу жоспарын кейінге шегерген.
Одан бөлек, елде сұйытылған табиғи газға арналған қосымша қоймалар салынған. Ол жаққа газ Норвегия, АҚШ және өзге елдерден импортталады.
"Ангела Меркель дәуірінен кейін бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру қажеттігін түсіндік. Ол дәуір өткеннің мықты тұстарына басымдық берді. Ал қазір біз болашақтың мықты жағын дамытып жатырмыз" деді Линднер.
- Бұрын Германия Ресей тұтынатын газдың шамамен жартысы мен мұнайының үштен бірін импорттаған. Алайда былтыр тамызда Ресей Германияға газ тасымалдауды тоқтатты. Ал биыл қаңтарда Германия Ресей мұнайын импорттауды тоқтатқан.
ПІКІРЛЕР