Accessibility links

Рыбакина Australian Open турнирінің 4-кезеңіне шықты. Ол былтырғы финалист Коллинсті жарыстан шығарды


Елена Рыбакина Australian Open жарысында. 20 қаңтар 2023 жыл.
Елена Рыбакина Australian Open жарысында. 20 қаңтар 2023 жыл.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбрунде өтіп жатқан Australian Open жарысының үшінші кезеңінде америкалық Даниела Коллинсті жеңіп, төртінші айналымға шықты - 6:2, 5:7, 6:2.

Рыбакина (әлемдік рейтингте 25-орында) мен Коллинс (11) матчы екі сағаттан сәл асты. Коллинс былтыр осы жарыстың финалында ойнаған.

Қазақстандық теннисші төртінші раундта әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен (Польша) ойнайды.

Рыбакина былтыр Лондонда өткен Wimbledon жарысында жеңімпаз атанған. Ол - Grand Slam жарыстарында жекелей сында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші.

Рыбакина басында Ресей атынан жарыстарға қатыспақ болған. Бірақ 2018 жылы маусымда Қазақстан теннис федерациясының шақыртуымен (федерацияны қазақстандық миллионер Болат Өтемұратов басқарады) Қазақстан азаматтығын алған.

Australian Open, Wimbledon, Парижде өтетін Roland Garros және Нью-Йоркте болатын US Open турнирлері теннистен қаржылық сыйақысы көп беделді Grand Slam жарыстарының қатарына енеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG