Accessibility links

ОСК мәжіліс және мәслихат сайлауын өткізу тәртібін жариялады


Орталық сайлау комиссиясы.
Орталық сайлау комиссиясы.

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы бір күнде – 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну мен тіркеу 18 ақпанда аяқталады. Үгіт-насихат кезеңі 18 ақпанда сағат 18.01-де басталып, 18 наурызда сағат 00.00-де аяқталады.

20 қаңтар күнгі брифинг кезінде орталық сайлау комиссиясының өкілдері осылай деп мәлімдеді.

ОСК өкілдерінің айтуынша, мәжілістің 69 депутаты – партиялық тізіммен, 29-ы бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланады.

"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен ел астанасы мәслихаттарының 50 пайызы мажоритар жүйемен, 50 пайызы партиялық тізіммен сайланады" деді ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина.

Ақпаратқа қарағанда, республика бойынша барлығы 223 мәслихатқа 3415 депутат сайланады.

ОСК өкілдері мәжіліс депутаттығына үміткерге қойылған талаптарды айтты:

  • ҚР азаматы;
  • Кейінгі 10 жылда Қазақстан аумағында тұрған;
  • 25 жасқа толған;
  • Бұрын сотталмаған адам.

Ал мәслихат депутаттығына үміткер кемінде 20 жаста болуға тиіс.

Бір күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен мәслихатты таратып, кезектен тыс сайлауды 19 наурызға белгілеген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG