Accessibility links

Экс-депутат Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі ұзартылды


Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген

Алматы соты Қаңтар оқиғасына байланысты қамалған мәслихаттың бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімін тағы екі айға ұзартты. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Құдайбергеннің қамау мерзімін ұзарту туралы өтінішті тергеу органдары берген. Сот оны 21 наурызға дейін қамауда қалдыруды мақұлдаған.

Экс-депутаттың ұсталғаны былтыр 22 сәуірде белгілі болған. Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, Қаңтар оқиғасы кезінде Құдайберген қамауда отырған "жабайы Арман" деп аталып кеткен Арман Жұмагелдиевтің жанында болған, "Қазақстан" қонақүйіне адамдарды жинап, "жаппай тәртіпсіздікке қатысқан". Қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген видеолардан Құдайберген мен Жұмагелдиевтің жүргені байқалады.

Былтыр ақпанда Қайрат Құдайбергеннің өзі "Арманмен таныстығы жоғын, тәртіпсіздік кезінде алаңда көргенін, ол жаққа халықты басу үшін барғанын" айтқан.

Қайрат Құдайбергеннің туыстары ақпарат құралдарына мәлімдеме жасап, Құдайбергенге тағылған айыптарға келіспейтінін, оның Қаңтар кезінде, керісінше, қалада тәртіпті сақтауға күш салғанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG