Accessibility links

Батыс елдері Ресейдің мұнай өнімдеріне екі баға шегін қоюға келісті


"Үлкен жетілік" елдері, Еуроодақ және Австралия Ресейдің Украинаға басқыншылығына жауап ретінде Ресейден тасымалданатын мұнай өнімдеріне екі баға шегін қоюға келісті. Бұған қоса, олар теңіз арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына белгіленген баға шегін қайта қарайды. Бұл жөнінде АҚШ қаржы министрлігі хабарлады.

Ведомство мәлімдемесіне сүйенсек, шектеудің бірі – үстеме ақымен саудаланатын дизель, бензин сияқты мұнай өнімдеріне қатысты. Екіншісі әдетте жеңілдікпен сатылатын мазут сияқты мұнай өнімдерін қамтиды.

Аталған ел өкілдерінің айтуынша, мұндай әдіс бағаны нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді.

Ережелер 5 ақпаннан бастап күшіне енеді. Ресейдің танкерлік мұнайына баға наурызда қайта қарастырылады. 2022 жылдың желтоқсанынан бері оның көлемі барреліне 60 доллардан артық бағаға сатылмауы тиіс.

"Үлкен жетілік елдері", Еуроодақ және Австралия қазір Ресейдің танкерлік мұнайына енгізілген шектеулерді орындаған компанияларға ғана қызмет көрсетіп жатыр. Мұндай қызмет түрлері арасында мысалы отынды теңіз арқылы тасымалдау бойынша міндетті сақтандыру бар.

Аталған елдер Ресейге Украинадағы соғысты жалғастыруға мүмкіндік беріп отырған табысын қысқарту үшін баға шегін белгілеген. Бұған қоса, халықаралық нарықта шикізат құнының күрт өсуіне де жол бергісі келмейтінін айтады. АҚШ және Еуроодақ елдері Ресейдің танкерлік мұнайын сатып алудан бас тартқан, сол себепті мұндай шаралар "Ресейдің Украинадағы соғысынан қатты зардап шеккен табысы орташа немесе төмен елдер үшін" өте маңызды.

Ресей баға шегін белгілеген елдерге нарық құнынан кем бағаға мұнай сатпайтынын мәлімдеген. Десе де Ресейдің Urals маркілі мұнайы нарықта барреліне 60 долларға дейін бағамен сатылып жатыр. Сарапшылар баға шегі белгіленгеннен кейін Ресей мұнайының экспорты едәуір азайғанын айтады.

XS
SM
MD
LG