Accessibility links

Франция билігі ресейшіл RT France арнасының шотын бұғаттады, арна жабылды


RT France арнасы (бұрын "Россия сегодня" деп аталған) банк шотының жабылуына байланысты жұмысын тоқтатады. Бұл жөнінде арнаның бас редакторы Ксения Федорова Твиттерде хабарлады.

"Телеарнаның банк шоты Франция экономика және қаржы министрлігіне қарасты қазына бас басқармасының талабымен бұғатталды. Арнамыз қызметін жалғастыра алмайды" деп жазды Федорова.

Францияда Russia Today арнасында 123 адам істеген.

19 қаңтарда Le Monde басылымы RT France арнасының банк шоты жабылғанын хабарлаған. Бұл 2022 жылы желтоқсанда қабылданған ЕО-ның Ресейге қарсы тоғызыншы санкция пакеті аясында жүзеге асырылған қадамдардың бірі. Ресей сыртқы істер министрлігі "жауап ретінде" Ресейдегі француз ақпарат құралдарына "шара қолданатынын" мәлімдеді.

2022 жылы наурызда Еуроодақ Ресей билігі қолдайтын бірқатар ақпарат құралдарының (арасында RT да бар) жұмысын тоқтатқан. Еуропадағы реттеуші орган телеарнаның Ресей басқыншылығымен байланысты оқиғалардан объективті ақпарат тарататынына күмән келтірген.

Шілде айында Люксембургтегі Еуроодақ соты RT France арнасының "жүйелі түрде жалған ақпарат таратуына" байланысты арна жұмысын тоқтату туралы шешімге түсірген шағымын кері қайтарған.

XS
SM
MD
LG