Қазақстанның қорғаныс министрлігі департаменттерінің бірінің жетекшісі жемқорлық жасады деген күдікке ілікті. Бұл туралы дүйсенбі, 23 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған азамат, видеоконференция-байланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаны үшін орындаушыдан 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке іліккен.
Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.
Кей агенттіктердің жазуынша, елдің қорғаныс саласы Қазақстандағы жемқорлыққа батқандардың рейтингін бастап келеді.
Мәселен, Ranking.kz агенттігінің мәліметінше, былтыр тамыз айында қорғаныс министрлігінің қызметкерлері (22 адам) жемқорлық істеріне қатысы жөнінен министрлік өкілдерінің арасында алғашқылардың бірі болған.
ПІКІРЛЕР