Accessibility links

Uzbekistan Airways әуе компаниясы төрт Boeing ұшағын сатады


"Өзбекстан әуе жолдары" компаниясы меншігіндегі 37 ұшақтың төртеуін сатуға шығарды. Әуе компаниясы таратқан ресми мәліметке қарағанда, жекешелендіру бағдарламасы аясында 1999 жылғы екі Boeing 757 және 2003-2004 жылдардағы екі Boeing 767 ұшағы сатылады.

Қазір әуе компаниясының меншігінде 14 Airbus A320, 9 Boeing 767, 7 Boeing 787, 5 Airbus A321, 2 Boeing 757 бар.

Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі агенттік сауданы ұйымдастыру жұмысына кеңесші ретінде ACC Aviation британ компаниясын жалдады. Әуе компаниясының мәлімдемесінде ұшақ қанша тұратыны айтылмаған.

Президенттің баспасөз қызметі былтыр 14 желтоқсанда Turkish Airlines компаниясының бұрынғы басшысы Илькер Айджи "Өзбекстан әуе жолдарын" реформалаумен айналысатынын хабарлаған.

Жоспар бойынша, әуе компаниясы жүйесіне корпоративті басқару енгізіліп, ұшақ көбейіп, қызмет сапасы артуы тиіс. Бұған қоса әуе компаниясы әлем стандарттарына сай жекешелендіріледі, шетел инвесторлары тартылады.

Сонымен бірге "Өзбекстан әуе жолдары" билетті арзандатуды да көздеп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG