Accessibility links

Ресейдегі Путин қоры Газмановтың патриоттық әндер жобасына қаржы бөлді


Президент Владимир Путинді қолдау акциясы.
Президент Владимир Путинді қолдау акциясы.

Рейсей билігі "Родники" интернет-порталын құруға 17 миллион рубль жұмсамақ. Оның негізгі мақсаты – "Ресейдің барлық аймағындағы аудитория мен музыканттарды біріктіретін, жаңа саяси толқын болатындай ән байқауын ұйымдастыру", "жаңа есімдерді тауып", "дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытып, сақтау.

"Родники" жобасының идеологы мен "көркемдік жетекшісі" – президент Владимир Путиннің саясатын белсенді қолдаушы поп-әнші Олег Газманов. Оның бұл жобасына мәдениет бастамаларын қолдайтын президент қоры қаржы бөліп отыр.

Былтыр қазанда Еуроодақ Газмановты "өз ісімен соғысты ушықтырушы адам" деп танып, санкциялық тізімге енгізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG