Accessibility links

Қолданушы іздеу жүйесіне Путинге ұнамайтын сөз енгізсе, "Яндекс" оның суретін шығармайды


USA – During a protest against the Russian invasion of Ukraine. Washington, March 6, 2022
USA – During a protest against the Russian invasion of Ukraine. Washington, March 6, 2022

Ресейдің "Яндекс" компаниясы қолданушы іздеу жүйесіне Ресей президентінің ар-намысына тиетін дөрекі сөз енгізсе, Владимир Путиннің фотосуреті мен видеосын шығармайтын болды. Бұл туралы осы компанияның ашық таралып кеткен кодтарын зерттеген "Медуза" сайты хабарлады.

Мәселен, Путин саясатын сынаушылар жиі қолданатын "бас ұры", "бункердегі шал", "таз" деген сияқты тіркестер жазса, іздеу жүйесіндегі шектеулер іске қосылады.

Іздеуде қолданылатын мұндай кілт сөздер "Яндекстің" ImgPatch (сөзбе-сөз – бейнені жөндеу) деген ішкі сервисімен түзеліп келген. Жүйе мұнымен қатар фотосурет пен видеоны жылдам бұғаттап тастай да алады.

"Медузаның" хабарлауынша, "Яндекс" соғысты қолдаудың символына айналған Z әрпін де "жағымсыз ассоциациялардан қорғап" келген.

Путиннің бейнесіне қатысты бұл цензура қай уақытта енгізілгені және қазір қай деңгейде жұмыс істеп тұрғаны белгісіз. Әзірше аталған сөз тіркестерімен іздеу жасалса, Ресей президентінің суреті шығып тұр, бірақ ол сүзгінің нашарлығынан болуы да мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG