Accessibility links

Украинаның Краматорск қаласында көпқабатты тұрғын үйге ракета құлады


Украинаның Донецк облысы Краматорск қаласының орталығындағы көпқабатты тұрғын үйге ракета құлап, кемінде үш адам опат болды. 20 адам жараланған. Үйінді астында адамдар қалған болуы мүмкін. Бұл жөнінде Донецк облысы әскери әкімшілігі хабарлады.

Донецк облысы полициясының мәліметінше, Ресей әскері "Искандер-К" ракетасымен атқылап, кемінде сегіз көпқабатты тұрғын үй" бүлінген.

Украина президенті Владимир Зеленский Краматорскіге соққыны "аумақ жағынан зұлымдықпен шектесіп жатқан елдің басындағы ахуал" деп атады.

Ресей жағы атқылауға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Краматорск қаласы қазір украин әскерінің бақылауында. Бірақ қала қазір маңында кескілескен шайқас жүріп жатқан Бахмут қаласынан ондаған шақырым жерде орналасқан.

  • Былтырдан бері Ресей әскері Украина қалаларын осылайша ракетамен атқылап келеді. Былтыр наурызда Ресей армиясы Мариупольдегі драма театрын бомабалап, шамамен 300 адам мерт болған. Сәуірде Краматорск вокзалына жасалған ракета соққысынан 50 адам опат болды. Шілдеде Часов Яр қаласындағы көпқабатты тұрғын үй атқылауға ұшырап, 27 адам қаза болды. Тамызда Украинаның Тәуелсіздік күні Ресей Днепропетровск облысындағы Чаплино теміржол станциясына ракетамен соққы жасап, 25 адам мерт болған.
  • БҰҰ-ның мәліметінше, соғыс басталғалы бері Украинада кемінде 7 мың бейбіт тұрғын опат болған, 400-і – бала. Ұйым бұл толымды дерек емес, қаза тапқандар бұдан да көп болуы ықтимал дейді.
XS
SM
MD
LG