Accessibility links

Қазақстан электр энергиясын Ресейден қымбатқа сатып алып жатыр


Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр энергетика министрлігіне елдегі электр энергиясы тапшылығын жою шараларын тездетуді тапсырды. Бұл жөнінде жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

"Кейінгі екі жылдан бері электр энергиясы тапшылығы болып жатыр. Осындай кезде энергияны Ресейден өте жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр боламыз. Тапшылық бір тәулікте 1 200 МВт болып жатыр. Сарапшылар мұны сұраныс өсіп, энергетика инфрақұрылымдары ескіргеннен және апатты жағдай көп болып жатқанынан деп түсіндіреді" деді Скляр.

Ол энергетика министрлігін жаңа өнеркәсіп нысандарын іске қосу жөніндегі жоспарды біле тұрып, ешқандай шара қолданбағаны үшін сынға алды.

Вице-премьер сонымен бірге министрлік пен "Самрұқ-Қазына" ұлттық қорына 15 ақпанға дейін жаңа генерациялық қуатты іске қосу мерзімін қайта қарап шығуды тапсырды.

Қазақстан билігі электр энергиясы тапшылығын халықтың және бизнестің сұранысы артқанынан, энергетика инфрақұрылымдарының ескіргенінен және майнерлердің астыртын жұмысынан деп түсіндіреді.

Осы проблемаларды шешу үшін халыққа АЭС салудың маңызын түсіндіріп жатқанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG