АҚШ қаржы министрлігі санкцияны айналып өтіп, Ресейдің әскери-өндіріс кешеніне көмектесіп жатқан 10 адамды және 12 компанияны "қара тізімге" енгізді. Олардың арасында Өзбекстан азаматтары да бар.
Бұлар: 1992 жылы Ташкентте туған Гилад Пифлакс (оның Өзбекстан және Израиль азаматтығы бар) және оның әкесі, 1962 жылы туған Өзбекстан азаматтығы бар Макс Пифлакс. Ағалы-әкелі Пифлакстар санкциядағы ресейліктерге көмек берген израильдік DES Defense Engineering Solutions LTD компаниясымен жұмыс істеген деп айтылады.
Тізімде одан бөлек мына азаматтар бар:
- Маркс Блац (Латвия);
- Серена Би Лин (Сингапур);
- Игорь Пальниченко (Кипр);
- Aлександр Вольфовиц (Кипр, Израиль);
- Aриель Вольфовиц (Кипр);
- Станислав Вольфовиц (Кипр, Израиль);
- Игорь Зименков (Израиль, Ресей);
- Натан Зименков (Ресей).
Санкция тізіміне төмендегі компаниялар кірген:
- Asia Trading & Construction PTE LTD (Singapore);
- DES Defense Engineering Solutions LTD (Israel);
- Elektrooptika SIA (Latvia);
- GBD LTD (Cyprus);
- GMI Global Manufacturing & Integration LTD (Cyprus);
- Kliosa LTD (Cyprus);
- Mateas LTD (Cyprus);
- Pitaron LTD (Cyprus);
- Terra-AZ LTD (Cyprus);
- Texel FCG Technology LTD (Israel);
- U-Stone LTD EOOD (Bulgaria);
- VFC Solutions LTD (Cyprus).
"Ресейдің АҚШ санкциясын айналып өту үшін "қуыршақтарды" қолданып жатқаны – санкция ресейлік әскери-өндіріс кешеніне путиндік әскери көліктерді толтыру жағынан айтарлықтай қиындық туғызып жатқанын дәлелдейді" деп айтылған АҚШ-тың қаржы министрінің орынбасары Уолли Адейемоның баяндамасында.
Мекеме мәліметіне қарағанда, "Зименков желісі" деген топты Израиль және Ресей азаматы Игорь Зименков басқарады. Оның отбасының бірқатар мүшесі санкцияға тап болған "Ростекс" және "Рособоронэкспорт" корпорацияларын қолдайды.