Accessibility links

Зеленский Бахмут пен Украинаның шығысындағы тағы бірнеше қалада жағдай "өте күрделі" екенін айтты


Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский 4 ақпанда Ресей Украинаның шығысындағы шайқасқа көп әскер жіберіп жатқанын, ол жерде жағдай барған сайын күрделене түскенін айтты.

"Басқыншы қорғаныс шебін бұзу үшін әскерін төгіп жатыр" деді Зеленский сенбі күні түнде таратқан видеомәлімдемесінде. Оның айтуынша, Бахмутта, Угледар, Лиман және өзге де өңірлерде жағдай "өте күрделі".

Оның алдында Украина энергетика министрі Герман Галушенко елдің оңтүстігіндегі портты қала Одессада маңызды инфрақұрылым қалпына келгенін хабарлаған. Сенбі күні Одесса қаласы мен Одесса ауданының бір бөлігі электр станциядағы апаттан кейін жарықсыз қалған еді. Ақпарат құралдары сенбі кешке қарай қаланың 500 мың тұрғыны жарықсыз қалғанын жазған. Аталған станцияны бұған дейін Ресей әскері атқылаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG