Accessibility links

Шымкент пен Таразда жер сілкінді


6 қаңтар кешке Шымкентте күші 2-3 балл жер сілкінісі байқалды. Бұл жөнінде Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сеймсологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" серіктестігінің станциялар желісі хабарлады.

Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 19.02-де болған. Магнитудасы 5.4 болатын зілзала кіндігі Шымкенттен ондаған шақырым қашықта, Темірлан ауылының маңында тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,7 болған.

Сеймсологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметі бойынша, Темірланда 3 балл төңірегінде тербеліс сезілді, ал Тараз қаласында 2 балл болған.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы сейсмикалық қауіпті аймақта жатыр. Мұнда магнитудасы әлсіз дүмпу жиі болып тұрады.

6 ақпанда таңертең және түсте Түркияның оңтүстігінде магнитудасы 7,8-ге және 7,6-ға тең екі жер сілкінісі болды. Кейінгі хабарларға қарағанда, зілзаладан Түркия мен Сирияда ондаған елді мекен қирап, 2300-ге жуық адам қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG