Accessibility links

Сауалнама: Америкалықтардың көбі Украинаға көмекті күшейте түскенді қолдайды


Нью-Йорктегі "Ержүрек қыз" мүсініне жабылған Украина туы. Мамыр, 2022 жыл
Нью-Йорктегі "Ержүрек қыз" мүсініне жабылған Украина туы. Мамыр, 2022 жыл

Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне жыл болғанда америкалықтардың көпшілігі Украинаға көмекті, тіпті соғыс ұзап кетсе де, тоқтатпауды қолдайды. Гэллап институты жүргізген сауалнама нәтижесі осылай көрсеткен.

Сұраққа жауап бергендердің 65 пайызы Украинаға жан-жақты көмектесуді, 31 пайызы Украинаның Ресей басып алған жерлері Ресей бақылауында қалатындай болса да, АҚШ соғысты тезірек тоқтатуға күш салуы керек деп есептейді. Бұл қорытынды осыдан жарты жыл бұрынғы сауалнама қорытындысына ұқсас болып шыққан. Қолдау білдіргендердің 81 пайызы – демократтар. Республикашылдар мен бейтарап көзқарастағылардың да көбі осыған ұқсас ұстанымын білдірген.

Ресей Украинаға басып кіргелі АҚШ-тың Украинаға берген әскери көмегі 27 миллиард долларға жеткен. Бұдан өзге ондаған миллиард доллар көлемінде экономикалық және гуманитарлық көмек ретінде берілген. Сұрау салынғандардың 39 пайызы мұны "дұрыс" деп есептесе, 30 пайызы "көмекті ұлғайта түсу қажет", 28 пайызы "тым көп" деген.

Америкалықтардың Украинаны тұрақты түрде қолдап келе жатқанын Fox News телекомпаниясының тапсырысымен жүргізілген сауалнама да нақтылай түскен. Мұнда сұрау салынғандардың 51 пайызы "Украина соғыста Ресейді жеңеді" десе, 64 пайызы "Киевке қару беруді жалғастыруды" қолдайды, 63 пайызы "Украинаға қаржылай көмек беру керек" деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG