Accessibility links

Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 5400-ден асты


Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстік аудандарында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Кейінгі мәлімет бойынша, жер сілкінісінен 7,2 мыңнан астам адам қаза болған.

Түркияда қаза болғандар 5400-ден асқан. 32 мың адам түрлі дәрежеде жарақат алған. 6 мыңнан астам ғимарат қираған деп жазды BBC ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, қаза болғандар саны 20 мыңнан асуы мүмкін. Елде 12 ақпанға дейін қаралы күн жарияланды.

Түркия президенті Режеп Ердоған елдің оңтүстігіндегі 10 қаланы нәубет аймағы деп жариялады. Әрқайсысында үш ай төтенше жағдай енгізілген. Ердоғанның айтуынша, мұндай жағдай құтқарушыларға зардап шеккен елді мекендерге көмек беруге қолайлы жағдай жасайды.

Сирияда қаза болғандар саны 1700-ден асқан. Дүмпудің салдарынан мыңдаған үй қираған, ондаған қала зардап шеккен. Арасында Дамаск пен Латакия бар. Бірнеше жыл соғыс болған Алеппода жағдай өте ауыр. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне кірген көне цитадель бүлінген.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда бірінен соң бірі жойқын жер сілкінісі болды. 7,8 магнитудалы алғашқысының эпицентрі – Түркияның Газиантеп қаласындағы Шехиткамиль ауданы. 7,5 магнитудалы екінші жер сілкінісінің эпицентрі – Қаһраманмараш қаласының Экинезю ауданы (Түркия). Алғашқы қуатты дүмпуден соң ең күштісінің магнитудасы 6,7 болған жүздеген жер тербелісі тіркелген.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 7 ақпанда Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар немесе зардап шеккендер арасында, кейінгі мәлімет бойынша, қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, дегенмен кейінгі тәулікте Түркияда оқитын балаларын іздеген бірнеше ата-ана хабарласқан. "Қазір ақпарат тексеріліп жатыр. Ештеңе айта алмаймын" деді ол. Оның айтуынша, 7 ақпан таңертең Түркияға Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы ұшып кеткен. Елге оралуды ойлаған қазақстандықтар сол ұшақпен келе алады.

Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы ықтимал.

Түркиядағы жер сілкінісі: Құрбандар 5 мыңнан асты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:38 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG