Accessibility links

Былтыр сахнада бас сүйек ұстап сөйлеген Игорь Мангушев Луганскіде бас жарақатынан қайтыс болды


Игорь Мангушев.
Игорь Мангушев.

Ақпанның басында Украинаның Луганск облысында басына оқ тиіп, ауыр жараланған саясат технологі, Ресей армиясының офицері Игорь Мангушев ауруханада қайтыс болды. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігіне оның досы, әскери журналист Аким Апачев хабарлады. Мангушев былтыр жазда сахнаға қолына "біреу өлтірген украин жауынгерінің бас сүйегін ұстап шығып", "танылған".

Апачевтің айтуынша, ол жуырда Мангушевке кіріп шыққанда, досы ес-түссіз жатқанын көрген. Мангушев есін жимаған күйі көз жұмған.

4 ақпанда Украинаның Луганск облысында Мангушевтің басына оқ тиген. Ол қалай жараланғаны белгісіз. Соғыста жараланбаған деп айтылады. "МИГ" Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға Стаханов маңындағы блокбекетте болған. Мангушевке жақын жерден оқ атылған. Оған кім оқ атуы мүмкін екені әзірше хабарланбады.

Мангушевтің сахнада бас сүйек ұстап сөйлеп тұрғаны түсірілген видео былтыр тамызда тараған. Мангушев сол кезде орыстар "Украинаның Ресейге қарсы шығу идеясымен күресіп жатқанын және осы идеяны ұстанатындардың бәрін өлтіру керек" деп мәлімдеген. Оның сөзінше, қолындағы бас сүйек Мариупольға штурм жасау кезінде өлген украин солдатына тиесілі. Бұл тұжырым расталған жоқ.

Видеодан кейін Украина билігі БҰҰ-ға ресми түрде қайырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG