Accessibility links

Шешенстан парламенті Рамзан Қадыровқа "халық әкесі" атағын "берді"


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

Шешенстан парламенті республика конституциясына енетін бірқатар түзетуді мақұлдады. Жаңа өзгерістерге сәйкес, "Мехк-Да" деп аталатын республика басшысы қызметі бекітілді. "Кавказ.Реалии" медиажобасының жазуынша, тікелей "өлке әкесі" деп аударылғанымен, бұл тіркес шешен тілінде "халық әкесі" деген мағынада қолданылады.

Шешенстан конституциясына түзетулерді жергілікті парламент басшысы Магомед Даудов ұсынған.

"Мехк-Да" ұғымы Шешенстан басшысының дін, халық пен оның мүддесін, мәдениетін, дәстүрін қорғаушы ретіндегі рөлін толық көрсетеді" деп жазды Шешенстаннан мемлекеттік думаға сайланған депутат Адам Делимханов Telegram-дағы арнасында.

  • Рамзан Қадыров Шешенстанды 2007 жылдан бері басқарып келеді. Құқық қорғаушылар оны "адам құқығын бұзды", "сыншыларын қудалады", "ұрлады", "өлтірді" деп бірнеше рет айыптаған. ЕО елдері, АҚШ және өзге мемлекеттер оған санкция салған.
  • Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Қадыров соғысты насихаттаушылардың біріне айналды. Шешенстан басшысы жалдамалы әскерді майданға жіберіп жатқанын тұрақты түрде баяндап, Украинаның жоғары лауазымды тұлғаларына жиі шүйлігеді.
XS
SM
MD
LG