Accessibility links

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды


Сергей Терещенко.
Сергей Терещенко.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасында бақилық болды. 10 ақпанда жергілікті БАҚ осылай деп хабарлады.

Сергей Терещенко 1991-1994 жылдар аралығында Қазақстан премьер-министрі болған. Оған дейін 1991 жылы 16 қазан мен 16 желтоқсан аралығында Қазақ ССР премьер-министрі қызметін атқарған.

Кейін Терещенко саясаттан кетіп, кәсіпкерлікпен айналысты. Жаңа өндіріс орындарын ашып, ферма, су электр станциясын салды. 2022 жылы Forbes оны Қазақстандағы ең ірі 50 кәсіпкер тізіміне енгізген.

Терещенко "Интеграция" халықаралық қоры" ЖШС басқармасының төрағасы әрі ақырғы бенефициары болған. Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы кәсіпорындар мен ұйым қауымдастығына жетекшілік еткен, ұлттық омарташылар одағының құрылтайшысы болған.

Ол сонымен бірге Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының (қазіргі Түркістан облысы) құрметті азаматы атанған. Израильдің құрметті консулы болған.

БАҚ-тың хабарлауынша, Терещенко өзін "түйетауықтан қазы жасайтын тұңғыш қазақ" деп атаған.

XS
SM
MD
LG