Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігінде Өзбекстанға апаратын туннель табылды


Қырғыз шекарашылары Ош облысы Қарасу ауданында қырғыз-өзбек шекарасынан Өзбекстанға апаратын туннель тапты. Бұл жөнінде Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, туннель Өзбекстандағы ауылдардың біріндегі Оңтүстік Ферғана арнасының астымен өтеді.

"Туннельдің биіктігі – 1,5 метр, ені 80 сантиметрге дейін барады. Ішінде баспалдақтары бар. Туннельдің ұзындығы – шамамен 200 метр" деді ҰҚМК шекара қызметі өкілдері.

2022 жылғы маусымда Өзбекстанда да Қырғызстанның Баткен облысы Кадамжай ауданына апаратын жерасты туннель табылған еді. Оның ішінде де баспалдақтар, жарық жүйесі мен бақылау камералары болған. Болжам бойынша, туннель Қырғызстаннан Өзбекстанға тауар тасу үшін қолданылған болуы мүмкін. Оның алдында екі ел шекарасында осыған ұқсас үш туннель табылған. Солар арқылы валюта мен түрлі тауар тасымалданған.

XS
SM
MD
LG